• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:34:27
Алматы
+35°

Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованы тонап кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы депутат өзінің фейсбук парақшасында жазды. 

"Мені жақында Алматыда тонап кетті. Көлігімнің терезесін шағып, сөмкемді алып кетті. Қайта онда құнды дүние болған жоқ. Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияны шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Алайда, жанымдағылар полиция шақыру керек деп кеңес берді. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі мені есеңгіретіп тастады: «Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істе дейсіз енді?", -деп айтты. Қайран қалдым. Оларға иықтарыңдағы пагонды шешіп тастауды ұсындым. Мұндай қызметкерлер бізге керек емес. Мен оны полиция немесе аға лейтенант деп атай алмаймын. Олар халықтың қызметшісі.  Мен арыз жазсам да, оқиға шамамен 3 апта бұрын болған болса да, маған ешкім қоңырау шалып, қылмыскерді іздеудің қалай жүріп жатқанын айтқан жоқ", - деп жазды депутат. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір