• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:17:50
+35°

25 Қаңтар, 2020 NEWS

"Бұл жәй атау емес": Тоқаев Семей қаласына берілген мәртебе туралы айтты

"Менің шешімім бойынша Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жәй атау емес"

Сурет : Ақорда

 

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өтті деп хабарлайды "Qamshy. kz" ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай отырыс барысында Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы әкіміне Семей қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. 

“Менің шешімім бойынша Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілді. Бұл жәй атау емес. Соның аясында осынау тарихи қаланың тұрғындары Үкімет тарапынан өздеріне көңіл бөлініп жатқанын нақты сезінуі керек. Бұл міндетті ойдағыдай орындайсыз деп сенемін”, – деді президент. Даниал Ахметовке тапсырма жүктеп.

Келелі кездесуде президент бұдан бұрын әкімдермен кездескенін, өңірлердің  әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысқанын айта келіп, Шығыс жұрты үшін тағы бір жағымды жаңалықты бөлісті:  

 “Көрсеткіші жаман емес (ШҚО-ның жетістігін айтады – Қ.Қ.). Бұқтырманың үстінен көпір саламыз деп келістік. Бұл жергілікті халыққа да пайдасы тиер, өңірге инвестиция тартуға септесетін әлеуметтік маңызды жоба болады. Іске кірісе беріңіздер”, – деді Тоқаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір