• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:46:06
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардағы барлық әкімдерге барлық мектептер мен балабақшаларға бейнекамералар орнатуды және ыңғайлы жағдай жасауды тапсырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Президент негізгі міндеттердің бірі балаларды қорғау, олардың өз-өзіне қол жұмсауының және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюіне байланысты мәселелерді шешу керек екенін айтты. 

Тоқаев мектептер мен балабақшаларға бейнекамералар орнатуды тездетуді міндеттеді - ол мұны Қазақстан облыстарының басшыларына тапсырды. Ал әкімдер тапсырманы 2020 жылдың соңына дейін орындауы керек.

"Тараз қаласында болған жайт масқара", - деді президент. 

Еске салсақ, Тараз қаласында 2019 жылдың қараша айында 7 сынып оқушысын үзіліс кезінде мектеп әжетханасында зорлап кеткен. 

24 қаңтарда зорлаушыға үкім шығарылды. Сот құқық бұзушыны 25 жылға бас бостандығынан айыруға, химиялық кастрация процедурасын қолдануға үкім шығарды. Сонымен бірге педофилге зардап шеккен тарапқа моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір