• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:34:46
Алматы
+35°

Ақмола облысында студент сабақ үстінде алтыншы қабаттан секіріп кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, оқиға бүгін түскі уақытта болған. 

"Бүгін сағат 13.15-те белгісіз адам телефон арқылы хабарласып, жас жігіттің Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алтыншы қабатынан секіргені туралы айтты. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы құлаған адамның осы білім ордасының студенті екенін және сабақ үстінде алтыншы қабаттағы аудиторияның терезесінен секіргенін анықтады" делінген ведомство таратқан хабарламада.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, зардап шеккен студент жедел жәрдем қызметінің көмегімен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір