• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:10:40
Алматы
+35°

Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев және оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев сот санкциясымен екі айға қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Шахмерден Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды" деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағымаев та екі ай мерзімге қамалды.

18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады" деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімін, оның орынбасарын, аудан әкімі аппараты басшысын, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын ұстаған.

Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір