• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:03:11
+35°

Қытайда пайда болған құпия вирусты жұқтырғандардың саны ресми деректерге қарағанда әлдеқайда көп, деп жазады bbc.

Бүгінде коронавирусқа шалдығудың 60 жағдайы анықталған. Алайда британдық ғалымдардың пікірінше, вирусты жұқтырғандар саны 1700-ге жуықтаған.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында екі адам тыныс алу ауруларының салдарынан қайтыс болған.

Ғалым, ауру ошақтарын зерттеуші профессор Нил Фергюсон "бір апта бұрынғыға қарағанда айтарлықтай алаңдаулы" екенін жасырмайды. Ол мұндай қорытындыға Ұлыбритания үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарына кеңес беретін Лондон императорлық колледжіндегі MRC Жұқпалы ауруларды жаһандық талдау орталығы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша келген.

Бүгінде Сингапур мен Гонконг қалаларындағы әуежай қызметкерлері Қытайдың Ухань қаласынан келген жолаушыларды тексеріп жатыр. АҚШ билігі де жұма күні Сан-Франциско, Лос-Анджелес және Нью-Йорктегі үш ірі әуежайды тексерген.

Десе де профессор Фергюсон "дабыл қағуға әлі ерте" деп отыр.

Ал қытайлық шенеуліктер вирустың бір адамнан екіншісіне жұғуы жағдайының болмағанын, вирустың Ухань қаласындағы теңіз өнімдері мен жабайы табиғат базарында жануарлардан шыққанын алға тартады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қытайлық бюросының хабарлауынша, жаңа короновирус жайында әлі де көптеген зерттеулер жүргізу қажет. Қазір оның қалай жұғатыны, клиникалық белгілері, қаншалықты таралғаны белгісіз болғандықтан, нақты бір тұжырым айту қиын.

Науқастардан алынған вирустық сынамаларға жүргізілген зертханалық талдауларға қарап, Қытай мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілдері инфекция – "коронавирус" деген қорытындыға келген.

Коронавирустар – бұл вирустардың кең тобы. Олардың тек алтысы ғана адамдарға жұғады. Ал қазіргі вирус оның жетіншісі екені анықталды.

Вирустың жеңіл түрі тұмау ретінде білінсе, ауыр формасы коронавирусқа ұласатын респираторлық синдромға айналады.

2002 жылы Қытайда індеттің ауыр формасына шалдыққан 8 098 адамның 774-і көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір