• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:52:27
Алматы
+35°

Өткен жылдың қараша айында Димаштың Германияға алғашқы сапары кезінде "Димаш Германия Фан клубы" және "Димаш Құдайберген Мәдениет клубы" Димашқа өз сүйіспеншіліктерін білдіру мақсатымен әр жанкүйер бір-бір раушан гүлін сыйға тартуға шешім қабылдаған. Бұл шешімнен кейін, жанкүйерлер құшақ-құшақ гүлге жұмсалатын қаражат едәуір соммаға айналғанын байқайды.

Жанкүйерлер бұл қаржыны қазақстандықтарға көмек көрсету үшін Димашқа табыстауды жоспарлаған. Алайда, бұл іске аспады. Осы орайда, "Димаш Германия Фан клубы" және "Димаш Құдайберген Мәдениет клубтарының" атынан Жаннұр Жолдасхан қаржыны Қазақстандағы мұқтаж жандарға жұмсауды ұйымдастыруға көмегін ұсынды.

Алматы қаласының орталық мешітіне қарасты "Ықылас" қайырымдылық қорының көмегімен, бұл жиналған ақшаға 22 мұқтаж отбасына 2 айға жететіндей азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға белсене атсалысқан "Ықылас" қайырымдылық қорының жетекшісі Абылай Тайыржанұлы мен мешіт қызметкерлеріне жанкүйерлер ерекше алғыстарын білдіреді.

Бұл игі бастаманы "Димаш Германия фанклубы" мен "Димаш Құдайберген Мәдениет клубтары" алдағы уақытта дәстүрге айналдыруға шешім қабылдап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір