• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:51:26
Алматы
+35°

Алматы қаласының полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Ресей азаматын ұстады. Бұл ақапартты департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, өзін Сәлима деп таныстырған әйел зардап шегушіге өзінің кәсіби көріпкел екенін айтқан. Алданып қалған алматылық келіншек онымен тылсым қызмет түрлерін көрсететін сайттардың бірінде танысыпты.

Күдікті тұрғынмен интернет арқылы біраз сөйлескен соң оған жеке кездесуді ұсынған.

"Тылсым қызмет түрінің сеансын өткізу барысында алаяқ сенімге кіріп, жәбірленушінің 27 миллион теңгесін (шамамен 71 050 мың долларын) алдап алған" дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полиция көріпкелді ұстады. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу барысында оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағы, 2-тармақшасы ("аса ірі көлемде алаяқтық жасау") бойынша бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қарлып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Көріпкел алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір