• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:47:56
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әсет Исекешев президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Тоқаевтың жарлығы бүгін, 16 қаңтарда Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Енді 48 жастағы Исекешев Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылдың наурызында президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған Нұрсұлтан Назарбаев мәңгілік төрағасы болып саналатын Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және президент көмекшісі қызметін бірге атқарады. Ол бұған дейін "Тұңғыш президент - Елбасы қоры" деп аталатын қордың атқарушы директоры болған. Исекешев оның алдында жарты жылдай президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімі болды. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әсет Исекешев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір