• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қаңтар, 01:08:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

15 Қаңтар, 2020 NEWS

Тоқаев: Азаматтардың шағымдары бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс

Ktonanovenkogo.ru

Бүгін, 15 қаңтарда Ақордада президенттік кадр резервіне кірген жастармен кездесу өткізген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың шағымдары бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс екенін айтты. 

Тоқаевтың сөзінше, ел азаматтарының шағым, өтініштері жедел қаралуы қажет. 

- Үшінші қағида - азаматтардың сұраныстарына жедел үн қату. Қазақстандықтардың шағымы, өтініші немесе жүгінулерін жедел қарау қажет. Олар бойынша нақты шешімдер бюрократиясыз қабылдануы тиіс, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алдағы жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде бюрократиялық процестердің басым бөлігі автоматтандырылатын болады.

- Яғни, белгілі бір деңгейде бұл сіздердің жұмыстарыңызға да байланысты болмақ. Мемлекеттік сектор блокчейн, бигдата, жасанды интеллекті құралдарын пайдалана бастайды. Осынау технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе қоғам мәселелеріне алдын ала әрекет етуге және өзекті әлеуметтік проблемаларды дер уақытында шешуге мүмкіндік береді. Бұл белгілі бір деңгейде ертеңгі емес, бүгінгі күннің шындығы. Бірақ, өкінішке орай мемлекеттік қызметшілердің барлығы бірдей мұны түсіне қойған жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір