• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:47:36
Алматы
+35°

Қуғындағы қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовтың "сыбайласы" делінген ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко Вашингтон маңындағы қалалардың бірінде ұсталғаннан кейін АҚШ сотында жауап берді. Бұл туралы Eureporter.co ақпарат агенттігі хабарлады.

Александр Удовенко 2009 жылы Лондоннан қашып кеткелі бері іс-түссіз. Басылымның жазуынша, Удовенко Лондонда Әбілязовтың мүддесі үшін жұмыс істеген және "БТА Банкінен" миллиардтарды жеке шоттарға аудару үшін пайдаланған офшорлық компаниялардың кең желісін құруға қатысқан. Кейін Удовенко Америкаға көшіп, Мэриленд штатында "инвестициялық кеңесші" болып жұмыс істеген.

Басылымның хабарлауынша, британ соты ресейлік кәсіпкердің "Әблязовтың басты серіктестерінің бірі" болғанын анықтаған. Сот айыптауында ол "ұрланған ақшаны тасымалдау үшін пайдаланылған жүздеген офшорлық компаниялардың" номиналды иесі және әкімшісі ретінде әрекет еткені айытылған.

Активі жағынан Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі болған БТА банк жетекшісі Мұхтар Әблязовті Қазақстан билігі 2017 жылы "миллиардтаған соманы жымқырды", "қылмыстық топ құрды" деп айыптап, 20 жылға соттады. Кейін, 2018 жылы оны "адам өлтіруге тапсырыс берді" деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал 2018 жылдың наурыз айында Астана соты Әблязов құрған ҚДТ (Қазақстанның демократиялық таңдауы - ред.) қозғалысын "экстремистік ұйым" деп таныды. 2009 жылдан бері шетелде тұратын Әблязов бұл айыптардың бәрінің саяси астары бар екенін айтып, жоққа шығарып келеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхтар Әблязов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір