• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:28:30
Алматы
+35°

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Роман Скляр екі тәулік бойы тұрақта тұрып қалған әуе кемесінің үстіне мұз қатып қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

– Болған апаттың негізгі нұсқасы – әуе кемесінің үстіне мұздың қатып қалуы, – деді ол.

Комиссия болған апаттың бірнеше нұсқасын зерттеген. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұшақтың суық ауа райы кезінде қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегені анықталған.

– Әуе кемесін мұздың басуына қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмысы ішінара жүргізілген. Әуе кемесі командирінің шешімі бойынша, тек стабилизаторды өңдеу туралы шешім қабылданған. Бірінші санаттағы мұздың басуына қарсы сұйықтықпен ұшақ қанаттары да өңделу тиіс, – деді Роман Скляр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір