• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:35:22
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2020 Саясат

Дайын болыңыз: сарапшы доллар 250 теңге болуы мүмкін екенін айтты

Таяу Шығыстағы қақтығыстың әсерінен бағамын барреліне байлаған мұнай бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. Ал мұндай жағдайда қазақстандықтар ұлттық валютаның тосын жағдайда нығайғанының куәсі болуы да ықтимал.

Фото: ehonews.kz

Бұл туралы экономикалық шолушы Денис Кривошеев zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.

– Егер қақтығыс ушығып, мұнайдың бір баррелі 100-120 долларға дейін жетсе, онда біз доллардың бағамы 250-270 теңге деңгейінде болады деп болжауымызға болады, – дейді экономикалық шолушы.

Денис Кривошеевтің айтуынша,  Таяу Шығыстағы шиеленістің ушықпауына  кепіл жоқ әзірге. Егер, аймақтағы қақтығыс жалғасты өрши түссе, бұдан осы мәселеден аулақ тұрған мұнай өндіруші елдер ұтпақ. 

Дәлірек айтқанда, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан секілді мемлекеттер. Бұлай болғанда аталған елдер аумағында доллар тапшылығы біртіндеп жойылады деген сөз. Осылайша, дедолларизация саясатында "дем" жетпей отырған Қазақстан ұлттық валютаны "тірілтеді" деген болжам айтылуда.

Ең қызығы, экономикалық «тамыршы» сұхбатта одан Қазақстанның жай-күйінің жақсы болып кетпейтінін де атап өтуді ұмытпаған. 

– Яғни, қазіргі экономикалық жағдайымызда теңгенің нығаюы экономиканың түбегейлі жақсаруына әкелмейді. Себебі бұл жағдайда біз тағы да сырттан үлкен мөлшерде доллармен табыс тауып, соған малданған мемлекет қайтадан кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауда босаңси бастайды. Кейнсианизмге, яғни мемлекет өзі басшы әрі жұмыс беруші болатын экономикаға қайта ораламыз. Ал жеке капиталды дамыту мен қолдау кілт тоқтайды, – дейді Денис Кривошеев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір