• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:14:48
Алматы
+35°

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ел азаматтарына  Bek Air әуе компаниясының ұшақтарына билет алмауға кеңес берді. Бұл туралы министрлік өзінің Телеграм парақшасы арқылы хабарлады.

"Bek Air әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компанияның рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі" - делінген вдемоство таратқан хабарламада.

Алматы әуежайы маңына құлаған «Bek Air» ұшағына қатысты мәліметтерді мына жерден білуге болады.

2019 жылдың 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Ресми орындардың дерегін негізге алған бірқатар БАҚ бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Кейінірек премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеді. Олардың арасында экипаж командирі Марат Мұратов та бар. Осы апатқа байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.


"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бек Эйр Ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір