• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:17:43
Алматы
+35°

Алматыда жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 255 пәтерге өтініштер мен құжаттар қабылдануда. Құжаттарды almaty-jastary.kz сайты арқылы 20 қаңтарға дейін тапсыруға болады.

Пәтердің жалдау мерзімі 5 жыл. Ай сайынғы жалға алу бағасы 4500 теңгеден басталады.

Бағдарламаға, 29 жасқа толмаған, соңғы екі жылда Алматыда түркеуде тұрған, өзі мен отбасы мүшелерінің басында баспанасы жоқ, айлық табысы 106 мың теңгеден асатын, банкте депозиті бар (ондағы жиналған ақша мөлшері маңызды емес) жастар қатыса алады.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесі (ең көп ұпай саны бойынша) бойынша жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпаратты жоғарыда көтсетілген сайттан алуға болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір