• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:56:43
Алматы
+35°

Бүгін, 6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында басталған Қытай қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының соты кейінге қалдырылды. Сот басталып, куәлерден жауап алына бастағанда істі жүргізген судья Шынар Оспанова келесі отырыс 21 қаңтар күні өтетінін айтып, сотты тоқтатты.

Сотқа жиналған белсенділер сот отырысының кейінге қалдырылуына наразылық білдіріп, судья Оспановаға шағым айтты. Ал екі жігіттің адвокаты Ләззат Ахатова судьяның сот отырысын кейінге қалдыруын "сотқа жиналған азаматтарға құрметсіздік" деп, жоғары сотқа шағым түсіретінін айтты. 

Белсенділер судья шешіміне наразылық білдіріп, билікті сынай бастағанда, прокуратура өкілдері азаматтарға бұл жиналып тұрғандары "заңсыз" екенін айтып, "тараңыздар" деген ескерту жасады. 

Өткен жылы қазан айында Қытай қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының Қытай-Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, Алматыға келген. Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы "саяси лагерьде қамауда болғанын", Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргені" үшін шекараны кесіп өткенін айтты. Ал Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Мұсаханұлы мен Әлімұлын "шекарадан заңсыз өтті" деп айыптап, Өскемен қаласындағы тергеу изоляторына жеткізген.

Қазақстан билігінен босқын мәртебесін сұраған Қытайдың екі азаматына қазан айының соңында "пана іздеуші тұлға" куәлігі берілген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір