• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:55:09
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысында көлік апаты болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Департаменттің хабарлауынша, көлік апаты Глубокое ауданында "Өскемен – Риддер" тасжолының 65-шақырымында, Зимовье ауылынан 500 метр жерде болған.

"28 жастағы "Toyota Carina" жүргізушісі Өскеменге бара жатқан. Рөлді игере алмай қалған жүргізуші қарсы жолға шығып, 67 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан "Subaru Forester" көлігіне соқтығысқан" - делінген ШҚО полиция департаметі таратқан хабарламада.

Департамен мәліметіше, апат салдарынан "Toyota Carina" көлігінің 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болған. Үш жолаушы, оның екеуі кәмелет жасына толмаған балалар әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қажетті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір