• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:00:15
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен білім және ғылым , ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрілері тағайындалды, Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Білім және ғылым вице-министрі қызметіне Мирас Мұхтарұлы Дәуленов келді.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану магистрі, құқық саласындағы доктор (PhD).

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары заңгер ретінде жеке секторда жұмыс істеген. 

2012 жылы «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті» АҚ Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, 2015-2018 жылдары – М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер Академиясының директоры – Басқарма Төрағасының орынбасары, 2018 жылдан бастап 2019 жылғы желтоқсанға дейін – М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің С. Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер Академиясының директоры қызметтерін атқарған.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына Азамат Байқуанышұлы Батырқожа тағайындалды. 

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген. 

2015-2017 жылдары – ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті болған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кадрлық тағайындау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір