• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:45:54
Алматы
+35°

Бүгін таңертең Алматы әуежайында құлаған Bek Air ресми мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрметті қазақстандықтар! "BEK AIR" атынан біз қайғылы оқиғаға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз апат болған аймақта құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметшілерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Сондықтан біз сіздерден анонимді хабарламаларға сенбеулеріңізді өтінеміз. Өйткені олар алаяқтық мақсатта жаңсақ ақпараттар таратуы мүкін.Ресми ақпаратты күте тұрыңыз", - делінген хабарламада.

Жұма күні таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше,  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып,  радардан жоғалып кеткен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы ақпарат бойынша, қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Олардың 14-і апат болған орында қаза тапса, біреуі ауруханада көз жұмған. 


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір