• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:10:32
Алматы
+35°

Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына  № 2100 рейсімен 07:05-те ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы Алматы облысының Гүлдала және Әлмерек ауылының арасында үйдің үстіне құлаған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Алдын ала жеткен мәлімет бойынша ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқан. 12 адам жараланған. Зардап шеккен 8 адам №4 қалалық ауруханаға, ал 4 бала №1 қалалық ауруханаға жатқызылған. Ұшақ құлаған аумақта қазіргі таңда 40-қа жуық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қаза тапқандардың арасында Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров бар.

Өмірбаяны:
Рүстем Есімханұлы Қайдаров (1940 ж. 18-мамырд Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туған) - «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті, Профессор (1998). РЖҒА корреспондент мүшесі (2001), ХАА академигі (2002). Милиция генерал-майоры (1990), әділет генерал-майоры (1995).

1970 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, заңгер.

1956-61 жж. - Семей ауыл шаруашылығын механизациялау училищесінде жүкші, электркесуші, тракторшы, мастер.

1961-64жж. -  Кеңес армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.

1964-66 жж. - ауылдық ПТУ мастері, директорының көмекшісі.

1966-76 жж. -  Семей облысы атқару комитеті ІІБ оперативтік уәкілі, тергеушісі, аға тергеушісі, Семей қаласы милиция бастығының орынбасары, Киров АІІБ бастығы, облысы атқару комитетінің ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары.

1976-80 жж. - облыстық партия комитетінің нұсқаушысы.

1980-82 жж. -  Қазақстан компартиясы ОК нұсқаушысы.

1982-85 жж. - Семей облысы атқару комитеті ІІБ бастығының орынбасары.

1985-90 жж. -  Жезқазған облысы атқару комитеті ІІБ бастығы.

1990-92 жж. - КСРО ІІМ-нің Қазақстан және Қырзызстан бойынша ұйымдасқан қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақаралық басқармасының бастығы.

1992-95 жж. - ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - бас тергеу басқармасының бастығы.

1995-96 жж. - ҚР МТК төрағасының 1-ші орынбасары.

1996-97 жж. - ҚР МТК Жоғары тергеу мектебінің кафедра бастығы.

1997-99 жж. - ҚазМЗУ кафедра меңгерушісі.

1999 жылдан - «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті.

Қоғамдық қызметі:

Республикалық қылмысқа қарсы және жемқорлыққа қарсы күресті қолдау қорының президенті (1995)

 «Генералдар кеңесі» ҚБ Төралқасының төрағасы (2000).

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір