• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:40:46
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қысым-Жомарт Тоқаев "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы бүгін, 25 желтоқсанда Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Ақорда сайтындағы хабарламада заң мәтінінің толық нұсқасы баспасөзде жарияланатыны жазылған.

12 желтоқсанда Қазақстан сенаты Ресей жалға алған Байқоңырдағы 11,6 мың гектар жерді кері қайтаратын заң қабылдаған болатын. Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасында 1994 жылы 10 желтоқсанда қол қойған Байқоңыр кешенін жалға алу туралы келісімге өзгеріс енгізіліп, президенттің қол қоюына жіберілген. 

 

Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол стансасынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Байқоңырда 77 мыңнан астам адам тұрады. Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап, 2050 жылға дейін жалға алған. Байқоңыр қаласына әкім Ресей және Қазақстан президенттерінің жарлығымен тағайындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір