• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
27 Қаңтар, 05:30:15
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

25 Желтоқсан, 2019 NEWS

Ермұхамет Ертісбаев қандай қаражатқа өмір сүретінін ашық айтты

Фото: forbes.kz

Бұрынғы мәдениет, ақпарат және спорт министрі, Қазақстанның Грузия мен Беларусьтегі экс-елшісі, ұзақ жыл Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған Ермұхамет Ертісбаев Business FM радиосындағы "Байтасов LIVE" бағдарламасында қонақта болып, зейнет демалысының қалай өтіп жатқанын  айтып берді.

Оның сөзінше, зейнеттік дамылысқа шыққаннан кейін оған әртүрлі салалардағы қызметтен ұсыныстар келіп түскен. Алайда ол оның бәрінен бас тартқан.

– Маған "еркін эксперт" статусында жұмыс істеген ұнайды. Мен өмір бойы мемлекеттік қызметте істеп, жоғары жалақы алып келдім. Өмірімнің 7 жылын арнаған дипломатиялық қызметте де жалақым жоғары болды. Әрі оны құнсызданбайтын валютада беретін. Сондықтан жұмыс істемей-ақ жақсы өмір сүрерліктей дәулетім бар. Қазір мен еркіндіктің рахатын көріп жатырмын. Мемлекеттік қызметті оңай дейтіндер қателеседі. Ол жердегі міндет пен жауапкершіліктің жүгі ауыр. 63 жасқа толғанда зейнетке кетуді ұйғардым. Айтпақшы зейнетақымды рәсімдеп те үлгердім. Ол менде тәп-тәуір – 178 мың теңге, – дейді ол.

Ертісбаев зейнетақысын рәсімдеу үшін өмірінде алғаш рет халыққа қызмет көрсету орталығына барған.

Ілмек сөздер: Ермұхамет Ертісбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір