• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:01:30
Алматы
+35°

Үкімет Қазақстанға Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін 8,8 миллиард теңге бөледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылы Дубайда өтетін көрмеге еліміздің қатысуы қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

"Біріншіден, мемлекет негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін, оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 2025 жылға қарай 24 млрд. доллардан 34 млрд. долларға дейін ұлғайту мақсатын қойып отыр. Яғни, біз жыл сайын Қазақстанға тартылатын шетелдік инвестициялар көлемінде қосымша 10 млрд. долларды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін Дубайда келесі жылдың 6 айында, 2020 жылдың 20 қазанынан 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысу өте маңызды", - деді Смайылов.

Оның айтуынша, алты айдың ішінде бүкіл әлемнің инвесторлары Дүниежүзілік көрменің экспозициясына барады.

- "Мүмкіндіктерә" тақырыптық кластерінде Қазақстанның ұлттық павильоны болады, оған әлемнің әр түрлі инвесторлары қатысады. Қазақстанның ұлттық павильонын салуға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 8,8 млрд. теңге (22 млн. АҚШ доллары) бөлінді.  Егер біздің павильонға бару нәтижесінде Қазақстанға қосымша шетелдік инвестициялар түссе, бөлінген ақша жаңа өндірістер құру арқылы, жаңа жұмыс орындары мен бюджетке түсетін қосымша салықтар арқылы бірнеше рет қайтарылады. Сондықтан оған қатысу өте маңызды - деді Смаилов.

Кезекті бүкіләлемдік "ЭКСПО" көрмесі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді. Көрме жарты жылға, 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін созылады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір