• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 23:18:21
Алматы
+35°

24 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

qamshy.kz

24 желтоқсан бүгін қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының туған күні. Ерлігімен де, өрлігімен де артына өшпес із қалдырған батыр бабамыздың абыройы барған сайын асқақтай береді. Біз бүгін батыр Буыржан Момышұлының қанатты сөздерін оқырмандарға  ұсынып отырмыз.

  1. Қарабет болып қашқанша - қайрат көрсетіп өлген артық.
  2. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.
  3. .Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес.
  4. Сөз жылата да, жұбата да алады.
  5. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата бабамызды, бар тарихымызды ұмыту
  6. Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.
  7. Ата-ана қадірін білмеген ел - қадірін біле алмас,
  8. Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды
  9. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішіп өлген артық
  10. Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
  1. Күншілдік - өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігінді мойындаудан туған құбылыс.
  2. Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.
  3. Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.
  4. Үміт - өрге тартады, үмітсіздік - көрге тартады.
  5. Жерге - тер төгіп, халыққа - қан төгіп қызмет етуден тайсалма!
  6. Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.
  7. Ептілік те - ерлік.
  8. Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол
  9. Опасызда Отан жоқ. Отанда опасызға орын жоқ.
  10. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр
  11.  Солдаттың анасы – Отанның анасы.
  12.  Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.
  13. Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.
  14.  Соғыстың заңы – өте қатал заң.
  15. Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.
  16. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
  17. Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер...
  18. Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі. Бірақ, қалай өлу басқаша.
  19. Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір