• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:47:19
Алматы
+35°

24 Желтоқсан, 2019 NEWS

"Халықты ашындырмасын". Сот отырысын кейінге қалдырғанға қара нөпір жұрт наразылық білдірді (видео)

Қытай азаматтарын соққыға жықты деп айыпталған Қызылағаштық бес азаматтың сот отырысы бес минутқа жетпей аяқтады. Дұрысы, отырыс тағы кейінге қалдырылды. Отырыс жәбірленуші тараптың келмеуіне байланысты шегерілген.

 Фото: Qamshy.kz

Осы ретте, арысы Өзбекстан мен Қазақстанның өзге де аймақтарынан келген қарасы қалың жұрт істі қараудың кейінге қалдырылуына наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды оқиға орнында жүрген Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

аа

Журналист, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай сот отырысына жиналғандардың атынан сөйлеп, "сот процесін созбасын" деген талап-тілегін жеткізсе, қоғам белсендісі Бесжан Күмісбек-тегі судялар сот отырысын қайта-қайта кейінге шегеру арқылы халыққа құрметсіздік танытып отыр деген пікірде.

Халықты ашындырмасын, халық бірігіп жатыр. Күш бірлікте. Көп сұғып айтады. Сол үшін халықтың көңіліне қараңдар, Бұлттан биік болсаңдар да, халықтан биік бола алмайсыңдар. Судья, сен халықтың арасынан шықтың. Ана орында отырып әділдікті орнатуы керек еді ғой, –  дейді белсенді.

Сот отырысына жиналғандардың "Жастар жылы деп жарияланған биылғы жыл – жастарды қолдау емес, қорлау жылы болды" деген дауыстары да естілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір