• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:48:42
Алматы
+35°

Ағымдағы жыл Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өркендеу жолында тағы да бір қарышты қадамдар жасалған жыл болды. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткен салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баса айтты.

Тәуелсіздіктің 28 жылғы тарихында елімізбен бірге Жамбыл өңірі де өсіп, өркендеу мен жаңғырып, жаңаруды бастан кешті. Аймақ басшысы салтанатты шарада баяндама жасап, Тәуелсіздік тағылымына тоқталып, бағасын бағалай білудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар барысын тілге тиек етті.

Шара барысында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталған бірқатар азаматтарға марапаттары табысталды. Атап айтсақ, «ҚҰРМЕТ» орденіне ие болғандар қатарында жазушы, «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутаев, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл филиалының бас инженерінің орынбасары Александр Малыш, ақын, еңбек ардагері Шырын Мамасерікова, облыс әкімінің аппаратының басшысы Рүстем Дәулет, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов, Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, облысы әкімдігінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева бар. Ал, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытының №01 цехының слесарь-жөндеушісі Жексен Әкіжанов пен «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Красногор тарату электр жүйесі электослесарі Эдуард Штарк III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл награданы Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының өз қолынан алғандар арасында Тараз қаласының тұрғыны «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалдау» акционерлік қоғамының «Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесі» Жамбыл пайдалану локомотив депосы вагон қараушы-жөндеушісі Хомутенко Николай да бар екенін айтып өту керек. Сондай-ақ, Тараз қаласының тұрғыны «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы Амир Халиков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Бақыт Шағырбаев «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған.

Жиында өзге де бірқатар азаматтарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарі, ҚР-ның «ҚҰРМЕТ» грамоталары, ҚР Президентінің Алғыс хаты және «Барыс» төсбелгісі табысталды. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың конуерттік бағдарламасына ұласты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір