• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:47:13
Алматы
+35°

Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130-дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.

Ел игілін арттырып бірлігін сақтау негізінде Жамбыл облысы жыл бойы 1 248 іс-шара өткізген. Ағымдағы жылдың желтоқсанында осы атқарылған жұмыстарға қортынды ретінде облыс ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл Облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен «Бірлігіміз жарасқан» атты дәстүрлі этнофестиваль өткен болатын.

Фестиваль аясында облыстық ҚХА жұмыстарын жандандыруда атқарған елеулі еңбектері үшін бірлестіктердің жетекшілері мен облыстық ҚХА құрылымы, серіктестері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ облыстық ассамблеяның белсенді жастары марапатталды.

Мұндағы басты мақсат Қазақстан Республикасының өркендеуі мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірлік ассамблея белсенділеріне құрмет көрсету, дәріптеу болатын. Іс-шараға Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің барлық өкілдері, Аналар, ақсақалдар, қоғамдық келісім, медиация кеңестері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және мәдениет саласының өкілдері қатысты. Этнофестивальдің негізгі міндеттері - қоғамдық келісім мен мэжэтникалық төзімділікті нығайту, Жамбыл облысында тұратын этностардың салт-дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға жәрдемдесу, сондай-ақ Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері арасындағы байланыстарды дамыту және ақпараттық-мәдени алмасуды жүзеге асыру болып табылады.

Фестивалдің бірінші бөлімінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төраға орынбасыр, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева алдағы келе жатқан ел тәуелсіздігінің күнімен құттықтады. Хатшылық меңгерушісі Жамбыл облысы Қазақстан халқы асмблеясының құрлымдары, серіктестері және белсенді этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелерін марапаттап алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Фестивальдің екінші бөлімінде шығармашылық ұжымдар мен белсенді жастар марапатталды. Марапаттау рәсімін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Марапат иелеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір