• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:36:09
Алматы
+35°

Бүгін Алматы облысы Ақсу аудандық сотында қытай елінің жұмысшыларын соққыға шықты деп айыпталған Қызылағаштың бес тұрғынына қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды.

Ақсу аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушыларға қолдау көрсету үшін сот отырысына қатысуға келген 80-ге жуық адам аудандық сот ғимаратының залына сыймай қалған. Олар сот ісін екінші сот залында тікелей тарату (трансляция) арқылы экраннан қарап отырған.

Жәбірленуші тарап өкілінің сот отырысына келмеуінен және аудармашының болмауынан сот отырысы кейінге қалдырылды.

Бұған дейін биылғы жылғы 8 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тұрғындары "Citic Construction" компаниясында жұмыс істейтін қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы қақтығыстан кейін қытай азаматтарын соққыға жыққаны туралы хабарланған. Қытайлық жұмысшылардың арызы бойынша Қызылағаш ауылының тұрғындары Берікбол Рысалдинов, ағайынды Бейбіт және Нұрбол Мұхметалин, Еркін мен Сарқыт Салхановтар ұсталған. Олар қасақана дене жарақатын келтіргені үшін айыпталып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір