• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:46:23
Алматы
+35°

Кәсіпкер Арманжан Байтасов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының кулуарында 130-бапты (жала жабу) қылмыс деп танымауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

– Бұл бапты қылмыс деп танымау өте маңызды қадам. БАҚ пен журналистер жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Баспасөз бостандығы, еркін БАҚ мемлекеттің тұрақты дамуының негізі деп әрқашан айтып жүрмін. Қазақстан одан әрі қарқынды дамуы үшін бізге баспасөз бостандығы, еркін бұқаралық ақпарат құралдары қажет, – деді А.Байтасов.

Сонымен қатар, аталған бапты қылмыс деп таныма – журналистердің еркін жұмыс істеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік береді.

– Журналистік зерттеулер көбейіп, сапалы контент артады. Қазақстандық журналистика шығармашылық және техникалық тұрғыда жаңа деңгейге шығады. Маған осы тармақ ерекше ұнады, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 130-бап жала жабу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір