• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:56:59
Алматы
+35°

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева отандық банктердің проблемасын көтерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. 

Сенаттың бүгінгі отырысында депутаттар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Осы орайда кейбір сенаторлар ортақ қаржы нарығында отандық банктердің қиындыққа тап болатынын жеткізді. Себебі еліміздің қаржы ұйымдары әлі күнге дейін мемлекеттің көмегіне зәру. Ал ресейлік және халықаралық қаржы ұйымдары техникалық жағынан мықты және заманауи қаржы құралдарын қолданып келеді. Ондай бәсекеге төтеп беру оңай емес. 

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева өз әріптестерінің пікіріне қосылды. Бірақ бәсеке болмаса, отандық банктер мен несие ұйымдары өзгеріске ұмтылмайды. 

"Жалпы, бәсекеден қорықпау қажет. Бүгінде "шетелдік банктер келіп, отандық банктерді басып алады" деген әңгіме өз банктерімізден шығып отыр. Себебі олар өз позицияларын жоғалтып аламыз деп қорқады. Бірақ бүгінде қаржы саласында проблема бар. Арзан ақша алуға мүмкіндік жоқ. Соның салдарынан шағын және орта бизнес тұншығып жатыр. Ал біздің банктер ол міндетті шешуге қауқарсыз", - деді Назарбаева.

Оның айтуынша, отандық банктер басқа қаржы ұйымдарымен бәсекеге түссе, өз шарттарын өзгертуге мәжбүр болады. Бұл – нарық заманының талабы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір