• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:42:01
Алматы
+35°

19 желтоқсан күні кешке қарай белгісіз адам Ресей астанасы Мәскеу орталығындағы "Большая Лубянка" көшесіндегі № 12 үйдің жанында оқ атқан. Бұл туралы Ресей қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. 

Агенттіктің жазуынша, атыс салдарынан Федералды қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері көз жұмған. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі арнайы қызметтің екі қызметкері ауыр жарақат алғанын айтқан. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан барлығы бес адам зардап шекті.


Оқ атқан күдікті қаза тапқан. Оның кім екені анықталып жатыр. ФҚҚ күдіктінің жалғыз әрекет еткенін хабарлады. Сондай-ақ, ФҚҚ күдіктінің арнайы қызмет ғимаратына кіріп кеткенін жоққа шығарды.


Бұған дейін бірнеше ресейлік  БАҚ  атысты үш адам бастағаны тураыл ақпарат таратқан еді. 

Қазір Ресейдің  Қылмыстық кодексінің 317 бабы ("құқық қорғау органдары қызметкерінің өміріне қол сұғушылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

ТАСС агентігінің жазуынша, Ресей президенті Владимир Путин атыстан хабардар. Оқиға орнында автокөліктерге қозғалысы тоқтатылып, автобустар өзгертілген бағыттар бойынша қозғалып жатыр. "Большая Лубянка" мен сол маңдағы қиылысатын көшелер жаяу жүргіншілер үшін жабылған. Ұсталық көпір мен Большая Лубянкадағы тамақтанатын орындар және сауда нүктелері жабық. Орталық балалар дүкені штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Оның айналасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етіп тұр. 

Атыс болған орнында өрт сөндіру машинасы, жедел жәрдем, полиция және реанимация машиналары бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір