• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:48:51
Алматы
+35°

19 Желтоқсан, 2019 Саясат

Жанболат Мамай 16 желтоқсанда қамалғандарды қолдауға шақырды

Қазір Қазақстан халықаралық Адам құқығы бюросының мәліметінше Алматыда әкімшілік қамауда 16 адам отыр. Оларға қолдау керек.

ФОТО ДАНИЯРА МУСИРОВА

Бұл туралы ҚДП бастамашысы Жанболат Мамай өзінің «Фейсбук» желісінде мәлімдеді деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі.

«16 желтоқсан күні бейбіт шеруге қатысқан және оған қатысуы мүмкін деген «айыппен» бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынған азаматтарды қолдауға шақырамын! Олар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, бейбіт митингіге шықты. Осы үшін билік бұларды қудалап жатыр. Осындай жағдайда бір-бірімізді қолдау, қорғау – елде өзгеріс жасағысы келетін әрбір азаматтың міндеті, парызы деп санаймын. Дәл ертең соларға қолдау білдіріп, бұл азаматтарға қолдан келгенше азық-түлік апаруға шақырамын. Сағат 12:00-де сол жерде кездесейік!» – деп үндеу тастаған ҚДП бастамашысы.

Сонымен бірге, ол қамауда отырған азаматтардың да тізімдігін қоса жариялаған. (жеке куәлік бойынша берілсе керек – ред.) Олардың тізімі:

Асхат Жексебаев, Қанат Джакупов, Муратов Даулет, Тасыбеков Шалкар, Айтбаев Марат, Валиев Дархан, Курбанов Марат, Калиев Нурлан, Рахимжанов Ноян, Нурлан Есенов, Сабаншиев Еркин, Есжанов Женис, Нурбай Райымбек, Кемелбаев Нурлан, Шинибеков Асхат, Утеулов Касымхан.

Ескерте кетерлігі, қоғам белсендісінің айтуынша, бақылаудағы азаматтарға керекті заттар сағат 12-ден 13-ке дейін ғана қабылданады. Азық-түліктен мынадай заттар беруге болады: шай, қант, нан, сусындар (ашылмаған), кәмпиттер, печенье, алма, лимон және басқа да жемістер, темекі. Ыстық тамақты қабылдамайды.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Лобачевский  көшесі, 10.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір