• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:49:54
Алматы
+35°
Жаңа жылға көп ақша "шашпайтын" қазақстандықтардың қатары артып келеді. Бұндай қорытындыны Solvo микроқаржы ұйымы 25 пен 60 жас аралығындағы 5 мың адам қатысқан зерттеу жұмысының негізінде жасаған.
 
Сұралғандардың басым бөлігі (28,85%) жаңа жылдық сый-сияпатқа 30 мың мен 50 мың теңге аралығында ақша жаратуға дайын екенін айтқан. Ал респонденттердің 25 пайызы сыйлыққа 10 мың мен 30 мың теңге шамасында қаражат жұмсайды екен.
 
Бұл сомаға әдетте қазақстандықтар косметикалық және парфюмерлік өнімдер, қымбат алкогольдік сусындар, пайдалы гаджеттер мен үй тауарларын, киім-кешек пен аяқ киім таңдайды.
 
Сауалнамаға қатысқандардың 13,46 пайызы қалтасының 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі сыйлықтарды көтеретінін мәлім етсе, 15,38 пайызы жақындарын 100 мың теңгеден басталатын заттармен қуантуға әзір. Бұл категориядағы азаматтар қымбат иіссу, сағат, смартфон және өзге электрондық құрылғылар алуға әуес.
 
Зерттеуге қатысқандардың 9,6 пайызы 10 мың теңгеге дейінгі сыйлықтарды алатынын айтқан. Олар әдетте кондитерлік өнімдер, аққайнар және үйге арналған ұзақ-түйек заттарды сыйлайтын көрінеді.
 
Сұралғандардың 7,69 пайызы жаңа жылда ешкімге сыйлық жасамайтынын жасырмаған.
 

Соңғы жылдары нарықта естелік сыйлыққа деген сұраныстың кемігені байқалып отыр. Оның орнына қазақстандықтар мерекеде мол дастархан жайғанды құп көреді.

Сондай-ақ қазақстандықтар арасында сыйлық жасау үрдісінің жыл өткен сайын кең таралып келе жатқаны да байқалады. Алайда сыйлықтарға жұмсалатын қаражаттың орташа сомасы төмендеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңа жылдық сыйлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір