• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 17:50:59
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Желтоқсан, 2019 NEWS

Тоқаев Шөкеевке тапсырма берді

Akorda.kz

Бүгін, 19 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 
 
Ақорданың жазуынша, Шөкеев кездесу кезінде президентке биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндаған.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскен.

Сонымен қатар облыс әкімі 2020 жылдың қазан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысы жайында, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтқан.

Тоқаев Шөкеевке атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір