• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:21:42
+35°

"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағында Қазақстан азаматының қаражатын ұрлаған қытайлық ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы көліктегі полиция департаменті хабарлады. 

Департаменттің мәлімдеуінше, 40 жастағы қазақстандық әйелдің "Эйр-Астана" әуе компаниясының "Бейжің-Нұр-Сұлтан" бағытындағы ұшағында қолды болған ақшасы 1993 жылы туған қытайлықтың сөмкесінен табылған. 

"Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының желілік полиция бөліміне 40 жастағы Қазақстан азаматшасы жүгініп, «Эйр Астана» әуе компаниясының «Бейжің-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе кемесімен ұшып келе жатқанда қол сөмкесіндегі 4 500 АҚШ долларының (1 744 290 теңге) жоғалғанын айтып шағымданды. Көлік полициейлері жедел іздеу барысында осы рейспен ұшып келген 1993 жылы туған ҚХР азаматшасын анықтап, ұстады. Қытай азаматшасының сөмкесін тексеріп қарау барысында жоғалған 1 744 290 теңге табылды" - делінген департамен хабарламасында.

Департаменттің мәлімдеуінше, Қытайлық азамат өз кінәсін толықтай мойындаған. 

"ҚХР азаматшасы кінәсін толықтай мойындады. Ұрланған ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының үкімімен ҚХР азаматшасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы 1-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған шартты түрде 3 жылға бас бостандығын айыру, мәжбүрлі түрде Қазақстан Республикасынан тысқары шығару, 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салу жазасы тағайындалды" делінген департамент таратқан ақпаратта. 





"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір