• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 18:46:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

«Сахнагер – 2019» сыйлығы. Үздік актерлер 1 миллион теңгеден алды

Құтты болсын дейміз...

qamshy.kz

Нұр-Сұлтанда  Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының ғимаратында "Сахнагер-2019" Ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шараны ұйымдастырушы Қазақстан театрлары ассоциациясының Президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Ассоциацияның вице-президенті, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемиров "Сахнагер" Ұлттық жүлдесіне үміткерлерді тағы бір мәрте құттықтап, шараның берер пайдасы мен театрдың маңыздылығын атап өтті.

Жастар театрында өткен салтанатты шарада алдымен "Сахналық ғұмыр" аталымы бойынша жеңімпаз атанған Рымкеш Омарханова мен Гүлжамал Қазақбаева марапатталды. Оларға арнайы диплом мен 500 мың теңгенің куәліктері тапсырылса, "Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін" Олег Ли, Ғайниқамал Байқошқарова, Сердок Қажымұратов пен Мағзұм Бақытжановқа берілді.

Бұдан бөлек, театр өнерінің биылғы үздік мамандары аталды. Олар - үздік грим суретшісі Дарьяш Қасымова, үздік дыбыс режиссері Ержан Қажымов, үздік жарық қоюшы - суретшісі Дмитрий Драгой, үздік сценограф-суретші Сергей Мельцер, үздік қуыршақ жасау шебері Әсия Құрманалина, үздік костюм суретшісі Ерлан Тұяқов, үздік драматург Роза Мұқанова, үздік менеджер Талғат Есенәлиев, үздік театр сыншысы Анар Еркебай, үздік қуыршақ театрының актері Досымхан Бейсенбаев, екінші пландағы үздік актер Әлішер Махпиров, екінші пландағы үздік актриса Динара Әбікеева, үздік опера солисі Нұржан Бәжікенов, үздік балет әртісі Әйгерім Бекетаева, үздік хореограф Айгүл Тәти, үздік актриса Назгүл Қарабалина, үздік актер Нұркен Өтеуілов және үздік режиссер Гүлсина Мирғалиева. Бұл үздіктерге 1 миллион теңгеден тапсырылды.

Ал, жас актерлер "Үміт" дипломдарына және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Осыменен Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тапты. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, барлығы 54 айрықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар.

«САХНАГЕР – 2019»  ҰЛТТЫҚ ТЕАТР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ:

1.«Үздік режиссер» - Гүлсина Миргалиева(Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының режиссері, Ақтау қаласы)

  1. «Үздік драматург» - Роза Мұқанова(Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы)
  2. «Үздік актёр» - Нүркен Өтеулов (Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы)
  3. «Үздік актриса» - Назгүл Қарабалина (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі, Алматы қаласы)
  4. «Үздік опера солисі» - Нұржан Бажекенов (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Алматы қаласы)
  5. «Үздік балет артисі» - Айгерім Бекетаева («Астана-Опера» мемлекеттік опера жәнебалет театрының, Нұр-Сұлтан қаласы)

7.«Үздік қуыршақ театрының актёрі» - Досымхан Бейсенбаев(Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры) Нұр-Сұлан қаласы.

8.«Үздік сценограф-суретші» - Сергей Мельцер (М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Алматы қаласы)

  1. «Үздік хореограф» - Айгүл Тати («Астана-Балет» театрының балетмейстері, Нұр-Сұлтан қаласы)
  2. «Үздік театр сыншысы» - Анар Еркебай (Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті, Алматы қаласы)
  3. «Екінші пландағы үздік актёр» - Алишер Махпиров (Мемлекеттік Республикалық академиялық Корей музыкалық комедия театрының артисі, Алматы қаласы)
  4. «Екінші пландағы үздік актриса» - Динара Абикеева (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы)
  5. «Үздік менеджер» - Талғат Есеналиев (Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының директоры, Алматы қаласы)
  6. «Үздік жарық қоюшы-суретшісі» - Дмитрий Драгой (Мемлекеттік Республикалық академиялық Неміс драма театры жарық қоюшысы, Алматы қаласы)
  7. «Үздік дыбыс режиссері» - Ержан Қажымов (Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрының дыбыс беру цехының меңгерушісі, Орал қаласы)
  8. «Үздік костюм суретшісі» - Ерлан Тұяқов (Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының бас суретшісі)
  9. «Үздік қуыршақ жасау шебері» - Әсия Құрманалина («Алақай» қуыршақ театрының директоры, Ақтөбе қаласы)
  10. «Үздік грим суретшісі» - Дарьяш Қасымова(М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Нұр-Сұлтан қаласы)

 «САХНАЛЫҚ  ҒҰМЫР» 

 Рымкеш Омарханова - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

  1. Гүлжамал Қазақбаева - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

 «ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН»

Олег Ли – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ғайникамал Байқошқарова– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сердеш Қажымұратов– Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

  1. Мақзұм Бақытжанов– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 «ҮМІТ» сыйлығының иегерлері

 1.Әсел Сайлауова (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Алматы қаласы)

2.Шағуан Үмбетқалиев (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, Алматы қаласы)

3.Александр Шитов (Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының актері, Алматы қаласы)

Шехназа Қазыханова (Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының актрисасы)

Арайлым Байырбекова (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, Алматы қаласы)

Әнуарбек Ақсұлтан (Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының артисі, Павлодар қаласы)

Әсел Асылбекова (Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық музыкалық драма театрының актрисасы, Семей қаласы)

Антон Дударев (Мемлекеттік Республикалық академиялық Неміс драма театрының артисі, Алматы қаласы)

Өмірзақ Айдаров (Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының артисі, Жетісай қаласы)

Мадина Өсербаева(С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, Петропавл қаласы)

Олжас Жақыпбек (Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы)

Ульяна Штильман (М.Горький атындағы мемлекеттік академиялықорыс драма театрының актрисасы, Нұр-Сұлтан қаласы)

Мейрам Хабибуллин (Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері, Ақтөбе қаласы)

Ақтолқын Тулеуова (Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, Қызылорда қаласы)

Төленді Альгожин (І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының артисі, Қостанай қаласы)

Дарья Чувакина (Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театрының актрисасы, Семей қаласы)

Нұркен Орынбек (Ж.Шанин атындағы Шымкент академиялық қазақ драма театрының артисі, Шымкент қаласы)

Наргиз Шадыева (Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Орал қаласы)

Владислав Букаткин. (М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артисі, Алматы қаласы)

Нұрбек Съезхан. (Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының артисі, Атырау қаласы)

Қарлыға Сыбанова. (Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театрының актрисасы, Семей қаласы)

Айбек Иманқұлов. (Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының артисі, Ақтау қаласы)

Расул Усманов (Алматы қаласы)

Нұржан Бейсбеков (С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының артисі, Жезқазған қаласы)

Азамат Алматов (Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының артисі, Арқалық қаласы)

Шалқар Мүкен (Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының артисі) Алматы қаласы

         Турсунжан Илиев (Қ.Кужамьяров атындағы мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының артисі, Алматы қаласы)

Александра Букреева (Ақмола облыстық орыс драма театрының актрисасы, Көкшетау қаласы)

Әли Бидахмет, (Номад театрының артисі) Нұр-Сұлтан қаласы

Мәден Асхат Әділбекұлы, «Наз» Мемлекеттік би театры.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір