• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:26:44
Алматы
+35°

Оралда екі күнге созылған жылдың қорытынды айтысы - "Алтын домбыраның" жеңімпазы анықталды. Билік партиясы "Нұр Отанның" демеушілігімен өткен айтыста алматылық ақын Рүстем Қайыртайұлы жеңімпаз атанып, сыйлыққа алтын жалатылған домбыра мен 4 миллион ақшалай сыйлық алды. Ол ақтық финалда  "Алтын домбыра" екі дүркін жеңімпазы қызордалық Мұхтар Ниязовпен айтысты. Қазылар Қайыртайұлына да, Ниязовқа да теңдей қылып 90 ұпай берді. 

Қайыртайұлы кеше алғашқы айналымда оралдық Талғат Мықимен айтысты. Ол қазылардан ең жоғары ұпай  (ұпай) алып, бүгінгі финалдық айтысқа жолдама алған. Финалдық айтыста Қайыртайұлы оралдық Жансая Мусинамен айтысып, тағы да қазылардың ең жоғары ұпайын иеленді. 

Бірінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов иеленіп, 2 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар Ниязов "Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің халықарлық одағы" қоғамдық бірлестігі 2017 жылдан бері тағайындап келе жатқан "Айтыстың ақтангер" төсбелгісін алды.

Екінші орынды алматылық Қазірет Бердіхан мен қостанайлық Жансая Мусина алды. Оларға 1 миллион теңге ақшалай сыйлық берілді. Үшінші орынды қарағандықлық Өміржан Көпбосынов, қостанайлық Айбек Қалиев иеленді. Олардың әрқайсына 700 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. 

Тараздық ақын Қанат Мырзахан, павлодарлық Аспанбек Шұғатев, нұрсұлтандық Әсем Ережеқызы арнайы жүлдемен марапатталды. Қалған ақындардың барлығына қатысқаны үшін ақшалай сыйлық берілді.

 Биылғы "Алтын Домбыра" айтысына барлығы 20 ақын қатысты. Кеше, 16 желтоқсанда айтыстың алғашқы айналымы өтіп, 10 ақын ақтық айтысқа жолдама алған еді

Алғашқы айналым:

2-жұп: С.Құсанбаев (ШҚО) 82 ұпай — А.Қалиев (Арқалық) 88 ұпай;

3-жұп: Б.Асқаров (Нұр-Сұлтан) 82 ұпай — Ә.Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 90 ұпай;

4-жұп: Ш.Сезімхан (Алматы) 85 ұпай —  А.Шұғатаев (Павлодар) 88 ұпай;

5-жұп: Қ.Мырзахан (Тараз) 87 ұпай — А.Керімбек (Ақтөбе) 85 ұпай; 

6-жұп: Ө.Көпбосынов (Қарағанды)  90 ұпай — Ж.Маратбекова (ШҚО) 82 ұпай; 

7-жұп: Х.Бердіхан (Алматы) 87 ұпай — Б.Байтуов (Түркістан) 86 ұпай;

8-жұп: Р.Қайыртай (Алматы) 90 ұпай — Т.Мықи (Орал) 84 ұпай;

9-жұп: Б.Ширмединұлы (Орал) 86 ұпай- Д.Қами (Қарағанды) 86 ұпай, (қазылардың шешімімен финалдық кезеңге Б.Шимединұлы өтті);

10-жұп: М. Ниязов (Қызылорда)  90 ұпай — Ш.Ізбасаров (Атырау) 82 ұпай. 

Финалдық айтыстың нәтижесі төмендегідей:

1-жұп: Ө. Көпбосынов (Қарағанды) 87 ұпай — Қ. Мырзахан (Тараз) 86 ұпай;

2-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 90 ұпай — Ж. Мусина (Орал) 88 ұпай;

3-жұп: Х. Бердіхан (Алматы) 90 ұпай — А. Шұғатаев (Павлодар) 83 ұпай;

4-жұп: М. Ниязов (Қызылорда) 90 ұпай — Б. Ширмединұлы (Орал) 82 ұпай;

5-жұп: А. Қалиев (Арқалық) 87 ұпай — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 86 ұпай;

Супер финал: 

Мұхтар Ниязов (Қызылорда) 90 ұпай — Рүстем Қайыртайұлы (Алматы) 90 ұпай;

"Алтын домбыра" айтысы биыл сегізінші рет өтіп жатыр. Бұған дейінгі жылдың қорытынды айтыстарында Мұхтар Низов пен Жандарбек Бұлғақов екі реттен бас жүлде алса, Аспанбек Шұғатаев, Балғынбек Имашев, Жансая Мусина сынды ақындыр бір реттен жеңімпаз болған.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір