• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:52:05
Алматы
+35°

Оралда Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өтіп жатқан "Алтын домбыра" айтысының алғашқы айналымы аяқталды. Билік партиясы "Нұр Отанның" демеушілігімен ұйымдастырылған жылдың қорытынды айтысының алғашқы айналымында 20 ақын 10 жұпта айтысты.

Айтысқа 9 адам қазылық етіп жатыр. Қазылар  алқасының құрамында Н. Айтұлы(төраға), Ә.Беркенова, Д.Мұштанова, Қ.Асанов, А.Әлтай, М.Тазабек, Ж.Әшімжан, Б.Халиолла, Р.Онаева бар. Биылғы "Алтын домбыра" айтысында жеңімпазды анықтау олимпиядалық жүйе бойынша өтіп жатыр. Яғни, бір жұптан бір ақын ғана келесі айналымға шығады. 

Алғашқы жұпта "Алтын домбыра" айтысының өткен жылғы жеңімпазы Жансая Мусина мен Алтын домбыраның екі дүркін иегері Жандарбек Бұлғақов айтысып, қазылар 87 ұпай берген Мусина келесі айналымға өтті. Ал Бұлғақовқа қазылар 85 ұпай берді. 

2-жұп: С. Құсанбаев (ШҚО) 82 ұпай — А. Қалиев (Арқалық) 88 ұпай;

3-жұп: Б. Асқаров (Нұр-Сұлтан) 82 ұпай — Ә. Ережеқызы (Нұр-Сұлтан) 90 ұпай;

4-жұп: Ш. Сезімхан (Алматы) 85 ұпай —  А. Шұғатаев (Павлодар) 88 ұпай;

5-жұп: Қ. Мырзахан (Тараз) 87 ұпай — А. Керімбек (Ақтөбе) 85 ұпай; 

6-жұп: Ө. Көпбосынов (Қарағанды)  90 ұпай — Ж. Маратбекова (ШҚО) 82 ұпай; 

7-жұп: Х. Бердіхан (Алматы) 87 ұпай — Б. Байтуов (Түркістан) 86 ұпай;

8-жұп: Р. Қайыртай (Алматы) 90 ұпай — Т. Мықи (Орал) 84 ұпай;

9-жұп: Б. Ширмединұлы (Орал) 86 ұпай- Д. Қами (Қарағанды) 86 ұпай, (кім өткенін қазылар шешеді);

10-жұп: М. Ниязов (Қызылорда)  90 ұпай — Ш. Ізбасаров (Атырау) 82 ұпай. 

Оралдағы айтыстың келесі айналымы ертең, 17 желтоқсанда жалғасады. Әзірге ұйымдастырушылар келесі айналымда қай ақын қай ақынмен айтысатынын айтпады.

"Алтын домбыра" айтысы биыл сегізінші рет өтіп жатыр. Бұған дейінгі жылдың қорытынды айтыстарында Мұхтар Низов пен Жандарбек Бұлғақов екі реттен бас жүлде алса, Аспанбек Шұғатаев, Балғынбек Имашев, Жансая Мусина сынды ақындыр бір реттен жеңімпаз болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір