• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:52:43
Алматы
+35°

16 желтоқсан Қазақстаннның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алматыдағы Республика алаңына келген азаматтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, рухтарына құран бағыштады.

Еске алу шарасына жиналған белсенді азаматтар Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғаларына әлі ресми түрде шынайы баға берілмегенін, кінәлілердің жазаланбағанын айтты. 

Тәуелсіздік монуметінің алдына жиналған белсенділер Желтоқсан оқиғасының құрбандарына құран бағыштап отыр

ер"Қазақстанның демократиялық партиясын" құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай құрбандардың рухына құран бағышталған соң Тәуелсіздік мерекесі туралы айтты. Оның айтуынша, Қазақстанның Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан емес, 25 қазан қазан болуы керек. 

- 16-17 желтоқсан мереке емес, ұлттық аза тұту күні болу керек. Бұл күні біз 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын еске алуымыз керек. Бұл - ешқандай да Тәуелсіздік күні емес. Қазақстанның Тәуелсіздік күні - 25 қазан. Ал 16-17 желтоқсан күні тек белсенді азаматтар ғана емес, Назарбаев та, Тоқаев та осы алаңға келіп, боздақтардың рухына тағзым етуі керек, - деді Мамай. 

 

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір