• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:18:17
Алматы
+35°

Бұндай ойды Түркістанда мектеп аумағындағы дәретхананы күзету міндеті жүктелген мұғалім – Бахыт Каукенов пен Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан арасында болған даулы оқиғаға қатысты Шалқар Нұрсейітов атты facebook қолданушысы жазды.

"ҚР азаматы әрі Түркістан облысының тумасы, мұғалімнің баласы, “Саясаттану” және “Стратегиялық коммуникация” мамандықтары бойынша дипломы бар адам ретінде “Подполковник Мейрхан Vs Ұстаз Кеукенов” кейсі жайлы ойымды жазып отырмын. Осы пост кейбір кісілердің көңіліне, кісілігіне тиіп кетсе, алдын ала сорри.

Ең алдымен, ҚР азаматы ретінде айтарым – полицейлердің ешбір негізсіз бейбіт адамдарға күш қолдануының, адам құқығын көз алдымызда күн сайын таптауының нормаға айналуына билікпен бірге менің де үлесімнің бар екенін жақсы түсінемін. Өйткені мен көп жағдайда шарасыздық пен қорқыныштың салдарынан өзге отандастарының құқығы бұзылған кезде немқұрайлық танытатын, формадағы адамдарды көргенде бойын жайсыздық билейтін көптің бірімін. Дүмше-азаматпын.

Бірақ НКВД-ны еске салатын мына жағдайда үндемей қалуымды дүмше-азаматпын деумен ақтай алмаспын. Өйткені бүгін ұстаз Бақыт Кеукеновке туған күн ертең менің басыма, арғы күні сіздің басыңызға тумасына ешқандай кепіл жоқ. Сондықтан әрбіріміз заң үстемдігін орнатуға асықпасақ, өз құқығымызды қорғап үйренбесек, құқығы аяқасты болған отандастарымызға қолдау білдіруді әдетке айналдырмасақ, күн сайын биліктен реформаның имитациясын қойып, нақты шешімдер қабылдауды талап етпесек, атқамінерлерге қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, заң шеңберінде қысым жасамасақ, “мейрхандар” мен “усеновтердің” жырын жырлап жүргеніміз жүрген.

Мұғалімнің баласы ретінде айтарым – мұғалімнің статусын мұғалімнің өзі ғана көтере алады. Құрметті апайлар! Ұстаздың абыройын көтерудің алғашқы қадамы «Мұғалім статусы» жайлы заңды қабылдаудан емес, мектепте комиссия үшін, ремонт үшін ақша жинауға ұжым болып қарсы шығудан, сайлауда бума бюллетеньді жәшікке тастамаудан, коллективтегі үнемі өз құқығын қорғауға тырысатын 3-4 мұғалімді жау көруді доғарудан, әріптесіңіздің құқы тапталғанда “солидарность” танытудан, мектептегі кәсіподақ ұйымын қайта құрудан басталады. Ал Түркістан облысының тумасы ретінде айтар болсам, миллион теңгемен және сатып алған дипломмен мектепке жұмысқа тұру – “ұстаздық ету” деген қасиетті ұғымға құрметсіздік және балалардың болашағына қастандық.

Ең бастысы, дәл қазіргі жағдайда мектеп мұғалімінің статусын президент Тоқаев та, министр Аймахамбетов те, шуды басу үшін Кеукенов мырзадан кешірім сұрауды ұйымдастырып жүрген Түркістан әкімі Р.Аюпов та көтере алмайды. “Фейсбукта М.Абенов бар ғой!” дейсіз бе? Мамандығы бойынша мұғалім, кезінде Білім және ғылым вице-министрі болған, Facebook-та күніне бір рет министр Біртановтың “отставкасын” талап етпесе, шәйі батпайтын Мурат Абеновтен үміт күтпеңіздер. Ол кісіге қарапайым мұғалімнің статусы көтерілгеннен гөрі, әке жолын қуып, карьерасы жарық жылдамдығымен өсіп келе жатқан талантты полицей Д.Мейрханның тез арада Ішкі істер министрі болғаны маңыздырақ секілді.

Саясаттанушы ретінде айтарым – қазіргі саяси режимнің тиімсіздігі, Түркістандағы облыс және қала басшылығының олқылығы мен қалалық полиция бастығы Д. Мейрханның бассыздығы себеп болған бұл оқиға билік пен халықтың қарым-қатынасының жарқын көрінісі. “Образно” айтсақ, осы жағдайда генерал-майор Мейрхан Жаманбаевтың баласы подполковник Данияр Мейрхан биліктің, ал сауатсыз саясаттың, әділетсіздік пен дөрекіліктің құрбаны болған мектеп мұғалімі Б.Кеукенов қарапайым халықтың рөлінде. Сондай-ақ “биліктің өкіліміз” деп кеудесін соғатын, бейбіт шерулерде саяси белсенділерге күш көрсететін, шашпен бірге бас алуға дайын кейбір полицейлердің ең көнбіс әлеуметтік топ саналатын мұғалімдерге сес көрсетуі – еліміздің саяси дамуы үшін өте қауіпті сигнал. Яғни, билік өзінің қамалы санайтын полицейлер қазіргі режимнің ғұмырын ұзартуға атсалысудан бұрын, өз бассыздығы арқылы халықты ашындырып, “сіріңкенің” функциясын атқаруы әбден мүмкін.

Ал осы кейсте Ішкі істер министрлігінің қандай шешім қабылдайтыны және болашақта Мейрхан мырзаның карьералық траекториясы қандай болатыны өте маңызды. Өйткені бұл жағдай президент Тоқаев айтып жүрген “еститін мемлекеттің”, биліктің “құқық қорғау органдарын реформалап жатырмыз” деген сөздерін іс жүзінде тағы бір рет тексеруге мүмкіндік. Егер подполковникті шу басылғанша уақытша қызметтен шектетіп, кейін оған карьерасын жалғастыруға мүмкіндік берілсе, онда өзін қазір “Папа города (Туркестана)” атап жүрген Д.Мейрханның 10-15 жылдың ішінде МВД-ны басқарып, “Папа страны” болғанын көріп қалуымыз мүмкін. Оған Д.Мейрханның Facebook пен Instagram-дағы мыңдаған фанаттары қуана-қуана келісетін секілді.

Стратегиялық коммуникация маманы ретінде айтарым – жалған дүниеге негізделген әлеуметтік желідегі имидждің “ғұмыры” тым қысқа. Қазақстанда әлеуметтік желіде белсенді болғаны үшін “халыққа жақын шенеунік” деген статустың жарамдық мерзімі ары кетсе 4-5 жыл. Өмірде “папасының дерзкий баласы” болып, интернетте “халық үшін жан пида” дейтін азаматтың кейпін ұзақ уақыт ұстап тұру қиын. Ал осы 4-5 жылдың ішінде республикалық деңгейде “народный и креативный” атану да, арттың ашылып қалуы да оп-оңай. Қазақша айтқанда, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Коммуникация тілімен айтсақ, өтірік имидждің құны бір-ақ видео/фото/пост. Кейде подполковник Мейрхан секілді шенеуніктердің өздері жеңіл атақ пен абыройды Instagram-дағы тікелей эфирден іздеймін деп бетпердесін өзі ашып алуы мүмкін. Ондай кезде Айгуль Соловьева апай да (https://www.ktk.kz/ru/news/video/2017/03/16/76948/), Мурат Абенов ағай да көмектесе алмайды. Тіпті сіз генералдың баласы болсаңыз да.

P.S. Подполковник Мейрхан (aka “Папа города”) 10 қазанда өзінің Instagram парақшасында мұғалімге құрмет көрсету жайлы роликті бөлісіп, “Балаларымыз біздің іс-әрекеттерімізді қайталайтынын естен шығармайық. Оларға жеке бастық үлгімен ненің “жақсы” ненің “жаман” екенін көрсету керек” деп жазған екен (төмендегі скриншоттарды қараңыз). Ашық деректерге сүйенсек, Д.Мейрхан – үш баланың әкесі. Мына бассыздығы арқылы подполковник мырза Facebook пен Instagram-да «один из лучших и честных полицейских страны» болудан әбден шаршап, “жеке бастық үлгімен” үш баласына ғана емес, бүкіл елге ненің “жаман” екенін” көрсетуді ойласа керек-ті. Егер ойы сол болса, онда ол тапсырманы “+5”-ке орындап шықты деуге болады, – делінген жазбада.

 

На изображении может находиться: 1 человек

Ескерте кетелік, 13 желтоқсан күні Түркістан қаласында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бахыт Каукенов мектеп аумағын күзетуге кезекшілікте тұрған. Ауа райы жаңбырлы болғандықтан мектепке кіргенінде полиция күзетшілік барысын тексеруге келіп қалған. Орнында болмаған мұғалімге полиция қызметкерлері дөрекі сөйлеп,  арада жанжал туған. Полицейдің мұғалім қолын қайырып, полиция көлігіне салып жатқан тұсын мектеп қызметкерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Видеодағы полицейлердің бірі Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан тергеу жүргізу кезінде қызметінен уақытша босатылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркістандағы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір