• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:26:41
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2019 Мемлекеттік бағдарламалар

Енді барлық қазақстандықтар баспаналы болуы мүмкін

Билік екі пайыздық ипотека бағдарламасының аясын кеңейтпек

Elorda Aqparat

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баспанаға толыққанды қол жеткізу үшін қосымша шаралар қабылдап, жылына 2 пайызбен ипотекалық несиелеу бағдарламасының қатысушылар тізімін ұлғайтуға уәде берді. Бұл туралы «Qamshy.kz» ақпарат агентігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Әрине, бұл жеткіліксіз. Қазір тоқмейілситін уақыты емес. Баспанаға қол жетімділік мәселесін түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті, сондықтан жақын арада қосымша шаралар қабылданады. Үкімет «Бақытты отбасы» бағдарламасының тәжірибесін кезектегі барлық адамға тарату мәселесін қарастырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент үкіметке 2020 жылы бағдарламаны ұлғайтуды тапсырғанын да жеткізді. Яғни, алдағы уақытта да халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі басты мақсат болмақ.

Айта кетейік, 2019 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша  аз қамтылған 4 мың отбасы қоныстой тойлаған. Бұл бағдарлама бойынша қарыз жылына 2 пайыз төлеммен беріледі. Алғашқы жарна – 10 пайыз болса, қарыз мерзімі – 20 жылға дейінгі аралықты қамтиды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір