• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:38:40
Алматы
+35°

Бүгін, 12 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаеваны І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. 

Сара Назарбаевадан бөлек бұл атақты парламент мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы опера әншісі Б.Төлегенова алды.

Сара Назарбаева - Қазақстанды үздіксіз 30 жылға жуық басқарып, биылғы жылы наурыз айында өз еркімен президент лауазымынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі. Ол "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір