• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:38:32
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Қоғам белсенділерінен хат: «Мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін!»

Министр Аймағамбетов бұл мәселені шешеді деген ойдамыз

shattyk38.kz/

 

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің электрондық поштасына қоғамның бір топ белсенділерінен хат келіп түсті. Онда қоғам белсенділері Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен арнайы кездесіп, мәселенің мән жайына тереңірек үңілуді сұрайды. Ал министрге бағытталған хатта не жазылған?

«Елордамыздағы үздік атымен министрліктің сенімін толықтай ақтай білген МКҚҚ №38 «Шаттық» орталығының жабылуы күрделі мәселеге айналып бара жатқанын біліп, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін екендігін ескеріп, мән-жайды өз аузыңыздан естіп, осы мәселенің бетін ашып алу мақсатында сізбен кездесуді сұраймыз» делінген хатта.

қағаз

Ал қоғам белсенділері мәселе етіп көтеріп отырған «Шаттық» балабақшасының қандай ерекшелігі, артықшылығы бар?

Арнайы дерек көздерінен білгеніміздей, «Шаттық» балабақшасы ұлттық құндылықтарды дәріптейді, мемлекеттік тілді жоғары қояды.

Мұндағы өткізілетін ойын, тренингтер, мереке, ойын-сауықтардың барлығы да ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асырылады.

Бұл елордадағы бүлдіршіндердің өз ана тілінде тәлім-тәрбие алып, қаракөздердің ұлттың азаматы болып өсуіне негіз қалап отырған мектепке дейінгі ұйым.

2012-2019 жылдар аралығында аталған орталықта орташа есеппен алғанда, 600-700 шамасында балалар тәрбиеленіп, білім алған екен.

Мұнда тәрбиешілердің алды 30 жыл, ал жастарының өзінің 4-5 жылдық еңбек өтілі бар.

Тіпті бұл балабақшаның арнайы сайты да жұмыс істеп тұр. Сайттан «Бозторғай, «Қарлығаш», «Қарақат», «Түймедақ», «Ләйлек», «Қызғалдақ», «Аққу», «Бұлбұл», «Жұлдыздар», «Ақбұлақ», «Аққайың» деп аталатын әртүрлі жастағы бүлдіршіндерге арналған тобы бар екенін де білдік.

«Шаттық» балабақшасына балаларын орналастыруға елордадағы кез келген ата-ана ынталы көрінеді.  

Олай болса, 2010 жылғы Елбасының жарлығынан кейін «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған, бүлдіршіндерге тәлімді тәрбие беріп, жұмыс істеп тұрған «Шаттық» балабақшасы кімнің ұйқысын бұзып, мазасын қашырды?

–Мұның артында кім тұр? Қаракөздердің саны артып, қазақ балабақшасының саны көбейіп жатқан тұста бұл әрекетті қалай түсінуге болады? Қазақы тәрбие беретін балабақша кімнің көз құртына айналды? «Шаттық» орталығы кімнің шамына тиді? Неліктен ең үздік қазақи орталық жабылуы керек? Біз Білім министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесіп, мұның анық -қанығын, жай-жапсарын нақты білгіміз келеді,–дейді ұлт жанашыры Бейбіт Тынымбайұлы.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: №38

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір