• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:56:31
+35°

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Серік Біләловтің інісі Ерік Біләловтың жемқорлыққа қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасаған КТК арнасы хабарлады.

КТК-ның хабарлауынша, өңірдегі ең ірі құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов пен оның бас есепшісі мемлекеттен субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

- Сомасы 534 миллион теңгелік субсидия ақшасын жымқыру фактісі бар. Бірақ күдіктілер қамауға алынбады. Оларға айып та тағылған жоқ. Сот алды тергеу амалдарынан кейін істің анық-қанығы белгілі болады, - деді СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов. 

Ерік Біләловтің екі ағасы да жоғары лауазымды шенеунік болған. Серік Біләлов еңбек жолын осы құс фабрикасында зоотехник болып бастаған. Ол 2007-2013 жылыдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. 2013 жылы осы облыстың атынан Парламенттің жоғары палатасы Сенатқа депутат болып сайланды.  Ал тағы бір бауыры, генерал Берік Біләлов Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір