• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 11:19:43
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2019 NEWS

Тоқаев жыл иелерін сынап тастады

Жастардың 20 пайызынан көбі мектеп бітірген соң үйде отырады

ehonews.kz

Иә, бұл ел президентінің сөзі. Дәл мұндай қызық та, қисық сөзді ол елордада өткен Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада айтты.

Өкінішке қарай, елімізде NEET (не оқымайтын, не жұмыс істемейтін) жастары көбейіп жатыр. Әлеуметтанушылардың мәліметінше, жастардың 20 пайызынан көбі мектеп бітірген соң үйде отырады, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Енді, "Қызық" дейтініміз туралы аз-кем айта кетелік. Президент сөзіне сенсеңіз, отыз елдің қатарына күн сайын жақындап келе жатқан жасампаз елдің 20 пайыз жасы екі қолға  бір күрек таппай отыр.

Ал "қисық" деуге де дап-дайын екі есеп тұр көңілде. Әуелгісі, әрине, жастардың көмейіндегі сөз: той иесіне "қонақтың" сын айтар тұсы бұл болмаса керек-ті. "Бүтін жылдан базына айтар бұдан өзге бір күн табылмаған ба" дейтін болар.

Екінші есеп те сол төңіректе. Алақанын қусырып үйде отырған жастың санасынан мұндай "қисық" сөз өтіп көрсе не етті?!

"Үйде" демекші, мемлекет басшысының пікірінше, үйден шықпайтын жастардың көбі қоғамдық жұмыстарға араласпайды. Тіпті, жастарды қолдауға арналған бағдарламалар мен өңірлердегі жастардың ресурстық орталықтары жайлы көбі біле бермейді.

Осылайша, қос президенттің "қошеметін" көрген жастар жылы да елордадан былайғы көптің санасында "салқын" жабылды. Енді, "Еріктілер жылы" деген ресми парақ ашылып та үлгерді. Бәлкім, Тоқаев "айыптаған" үйде отырған 20 пайыз жастың бір бөлігі ендігі мерекелі жылдың иесі – еріктілер ме еді, кім біліпті?!

Сірә, халықтың қарапайым қалтасындағы теңгенің дыбысынан табысын анықтап отырған үкімет оны да анықтап берер бізге... 

Қозыбай ҚҰРМАН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір