• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:54:38
Алматы
+35°

«Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясының қызметтік көлігі

10 желтоқсанда «Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясының басшылығы баспасөз-туры барысында «А-Паркинг» жобасының 2019 жылдағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.
 
Биыл Алматыда тротуарлық үлгідегі 1012 жаңа тұрақ аймағы ашылып, қолданыстағы тротуарлық және алаңдық үлгідегі тұрақ кеңейтілген. «А-Паркинг» жүйесінде қазір 11 683 жаңа тұрақ орны пайда болды, оның 6109-ы тротуарлық болса, 5574-і алаңдық түрдегі тұрақ орны.
а
 
Соңғы деректерге сай Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамытуға 3,96 млрд теңге инвестиция тартылған. Ақылы автотұрақтар жүйесі жұмыс істеген уақыттан бері мемлекеттік бюджетке 1,7 млрд теңге түсті, оның 561 млн-ы – салық аударымдары, 267 млн-ы – көлік тұрағы үшін төлемдер, 247 млн-ы – мемлекетке міндетті төлемдер. 622 млн теңге қала бюджетіне жол-қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін айыппұл түрінде түсті. Бұл қаражат Алматы қаласының көлік және жол желісінің жағдайын жақсартуға бағытталған.
 
«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Прінбековтың айтуынша, автокөлік иелері әрбір сағат үшін төлейтін 100 теңгенің 58 теңгесі көлік тұрағын материалдық-техникалық ұйымдастыруға байланысты шығыстарға жұмсалады (оған жабдықты амортизациялау, IT-қызметтер, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу кіреді), 27 теңге мемлекетке салық және міндетті төлемдер үлесіне, 16 теңге – жалақыға, 10 теңге – әкімшілік шығыстарды құрайды, 5 теңге-төлем қабылдау және инкассация жөніндегі комиссия.
 
Нәтижесінде бүгінгі күні әр тұрақ орнын пайдаланудан компания 16 теңге шығын көреді. Алайда, компанияның бизнес жобасы 10 жылға есептелген, инвестицияны қайтару жоба жұмысының 6-жылынан бастап көзделген.
 
Баспасөз туры барысында «А-Паркинг» сервисінің сапасын жақсарту және кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жалғасатыны айтылды. Атап айтқанда, ақылы автотұрақ аймақтарында мүгедектерге арналған белгілер мен жол белгілерін салу бойынша ескертулер жойылады, мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін тұрақ орындарының нысандарын қайта жаңарту жүргізілуде.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақылы автотұрақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір