• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:38:31
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2019 Әлем

Соңғы жарты жылдағы ең көп адам қатысқан митинг өтті (видео)

Бұл тамыз айынан кейінгі полиция рұқсат еткен алғашқы акция.

Гонконгте 800 мың адам бейбіт митингіге шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  South China Morning Post сайтының дерегін негізге алып. Бейбіт митингіге өтінішті Гонконгтегі әртүрлі ұйымдарды біріктіретін Азаматтық адам құқықтары майданы (CHRF) берді.

Бұл тамыз айынан кейінгі полиция рұқсат еткен алғашқы акция. Дегенмен акция бейбіт митинг аталса да, полиция демонстранттарды басып-жаншуға дайын екендігін де тілге тиек етті. 

Жүздеген мың наразылық білдірушілер Гонконгтың орталық ауданындағы Виктория паркінен бизнес ауданына қарай бет алды.

Полиция қызметкерлері митингке 180 мың адам қатысқанын мәлімдеді. Бұл шеру БҰҰ-ның Адам құқықтары күніне арналған және 9 маусымдағы наразылық акциялары басталғаннан бастап алты ай өтті.

Еске салсақ, Гонконгтағы күдіктілерді Қытайға беру туралы заңға  өзгертулер енгізілгеннен кейін елде митингіге шығып, наразылық білдірушілер көбейді. Заңға енгізілген түзетулер алынып тасталғанымен, наразылыққа шығушылар жаңа талаптар қоя бастады. Олар демократиялық реформаларды, жалпыға бірдей сайлау құқығын, әкімшілік басшысы Кэрри Ламның отставкасын және ұстау кезіндегі полицияның қатыгездігін тәуелсіз тергеуді талап етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір