• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:03:40
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Енді бір-екі күннен кейін, яғни 9 желтоқсан күні Парижде «норманд төрттігінің» кездесуі өтеді. Оған Украина, Ресей, Германия және Франция басшалары қатысады. Басты мәселе – Украина территориясындағы жағдай және Минск келісімін жүзеге асыру.

Бірақ әлем назарын аударып отырған бұл кездесудің нәтижесі қалай болатыны әлі белгісіз. Алайда украин басшысы Владимимр Зеленский бұл кездесуден қорқынышы барын да жасырмады. Бұл не үрей? Зеленский Путинмен кездесуден жасқанып отыр ма?

–Мен онымен кездесуден үрейленіп, қашқақтап отырғаным жоқ. Жүздесу нәтижесіз аяқталса, ең жаманы сол. Бұл сәтте менің жүйкем сыр беруі мүмкін. Кез келген келіссөз қол алысып, сөз байласып, жоспарды талқылап, жан-жаққа босқа тарап кету емес. Мен нәтижесіз кездесуді қаламаймын. Ең қорқатын нәрсем де сол. Бұл – ақиқат, – деді Владимр Зеленский журналистерге берген сұхбатында.

Ескерте кетейік, 2014 жылы көктемінде басталған өзара текетірестен бері Донбасс аумағында 3,3 мың адам қаза тауып, 7 мың адам жараланғаны белгілі.  Биылғы жылдың өзінде 18 бейбіт тұрғын қаза тауып, 124 адам жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір