• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:32:58
Алматы
+35°

Кембридж ғалымдары қазіргі таңдағы адамдардың 60 пайызы кітап мүлде оқымайтынын дәлелдеген. Ал қалған 40 пайызы электрондық және аудио форматтағы қосымшаларды қолданатын көрінеді.

Осыған сәйкес, еліміздегі ең жас миллионер Аманжол Рысмендиев тұңғыш рет «AiAt»  қазақтілді аудио мобильді қосымшасын жарыққа шығарды. Әлемдік бестселлерлерді қазақ тілінде сөйлетіп, дауысы жағымды дикторға оқытып, оқырманға ұсынды.

 «AiAt» аудио қосымшасынан сіз Дейл Карнегидің «Кез келген конфликттен шығу жолдары» атты шығармасын, Дж.Клейсонның талай жанға шабыт сыйлаған «Вавилондағы ең бай адам» кітабын, Бодо Шефердің «Жеңімпаздар заңы», «Ерлер Марстан, әйелдер Шолпаннан» атты Джон Грейдің кітабын және көптеген әлем әдебиетін аудио нұсқада тыңдай аласыз. Сонымен қатар, «Абай жолы» роман-эпопеясы, қазақ ертегілері жинағы, заманауи ақын-жазушылардың да туындыларын аудио қосымшадан тыңдасаңыз болады.

100-ге жуық шығарманы топтастырған тұңғыш аудио мобильді қосымшаға жазылу мерзімін өз қалауыңыз бойынша таңдай аласыз.  

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір