• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:42:50
Алматы
+35°

Өгей әке сотта сәбиді не себепті ұрып-соққанын айтып берді Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген күдікті кінәсін мойындады. Сот алдында жауап беріп жатқан Жеңіс Құрманғазин екі жасар сәбиді не себепті ұрып-соққанын айтып берді. Жазасын барынша жеңілдетуге тырысқан өгей әке ісіне өкінетінін жеткізіп, нәрестенің анасынан жалбарынып кешірім де сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі KTK арнасының дерегін негізге алып.

- Әселден кешірім сұраймын. Кешіре алатын болсаң, кешір, Әсел! Шын жүректен, кешірім сұраймын,- деді марқұмның өгей әкесі.

Айтуынша, сол күні 8 литр сыра ішкен. Сол себепті де, өзімді ұстай алмадым деді сотта алғаш рет сөз алған сотталушы. Ал сәби оған «көтер» деп жылаған екен. Баланың еркелігін көтере алмаған Жеңіс Құрманғазин оны басынан ұрып есінен тандырған. Сыраға сылқия тойған жігіт сонда да тоқтамай, ес-түссіз сәбиді жерге жатқызып қойып, тепкілепті. Жауыздығымен елдің жағасын ұстатқан өгей әке ісіне өкінетінін айтып, судьядан да жазасын жеңілдетуді сұрады.

Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, 2 баламен үйде қалған күдікті, біреуін өлімші етіп ұрған. Ауыр соққыдан ауруханаға түскен сәби көп ұзамай көз жұмды.      

– Кішкентайым оны қатты жақсы көретін. Жанына жатып алатын. Түнгі сағат үште келсе де, ұлым ұйықтамай күтіп отыратын. Қазір өкінемін, бұған сеніп, өмірімді тасталқан етті. Ана ретінде мен оны кешірмеймін!, - деді марқұмның анасы Әсел Теңізбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір